Алматылық жас жанкүйер "Қайрат" пен Реалдың" кездесетінін төрт жыл бұрын болжаған

Плакат, Рома, Алматы, Қайрат, Реал, матч, болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 12:50 Сурет: Instagram/f.c.kairat
Алматының "Қайрат" футбол клубы 2021 жылы өздерінің жас жанкүйерлерінің бірі әзірлеген плакаттың суретімен бөлісті. Онда 4 жыл бұрын жасөспірім "Қайрат" пен "Реалдың" кездесуін қиялдап, оны суретпен "cөйлеткен", деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы аккаунтында "Қайрат" пен "Реалдың" матчын тамашалауды армандаған, плакат ұстаған баланың суреті жарияланды.

2021 жылғы плакатта бала:  "Чемпиондар лигасы аясында финалда "Қайрат" пен "Реал" кездеседі" деп жазды.

Сондай-ақ плакатта "Ешқашан болмайды деп ешқашан айтпа", - деп ағылшынша жазылған. Алматылық клуб бұл фотоның төрт жыл бұрын, 2021 жылы түсірілгенін нақтылайды. 

"Біздің Рома есімді жанкүйеріміз командамызға сеніп артып, бұл плакатты 2021 жылдың жазында жасаған", - дейді клубтың баспасөз қызметі.

 Бұл ретте желі қолданушыларының көбісі таңданысын жасыра алмай, тіпті Ромаға клуб аталған матчқа "VIP" орыннан орын ұсынып, арнайы шақырту жіберуі керектігін де айтыпты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: