"Қайрат" бразилиялық шабуылдаушымен келісімшартқа отырғанын хабарлады
Сурет: instagram/ f.c.kairat
"Қайрат" футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылдаушы Хелдер Сантанамен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа ойыншымен келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалған.
2019 жылдың жазында шабуылдаушы Португалияға көшіп, онда "Санжуаненсе" және "Жил Висенте" командаларында ойнады.
Элдердің кейінгі ойнаған клубы "Ақтөбе" болды. Алдыңғы маусымда ол "Ақтөбе" сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript