Жаңалықтар тізбегі
0

Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырғанын растады

UFC, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 18:12 Сурет: Instagram/Asu_Zulfikar57
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен әлемдік көшбасшы промоушен -UFC-мен келісімшартқа отырғанын жариялады. Осылайша Жамбыл облысының 29 жастағы тумасы Қазақстанның осы ұйымдағы бесінші өкілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асу Алмабаев Zulfikar деген лақап атпен өз мансабын 2013 жылы бастады және осы уақыт аралығында ол 19 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жетті, жеңілісі - екеу. Отандасымыз бұл жеңістерінде ACB, Alash Pride, Fight Nights Global, Naiza, M-1 және Brave CF ұйымдары алаңында көрсеткен өнері кезінде қол жеткізді. 

Brave CF Азия промоушенінде Асу Алмабаев 2022 жылдың үздік файтері атанды.

Zulfikar-дың UFC-ге ауысуы туралы сөз жақында оның АҚШ-ға барып келгенінен кейін шықты.Ол кезде Асу UFC-дің ең табысты файтері - отандасымыз Шавкат Рахмоновпен кездесіп қайтқан еді. Енді Алмабаевтың жанкүйерлері оның UFC-дегі дебютін асыға күтетін болады.

"Әссәлму’әлейкум Қазақ елі. Осыдан 10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін. Мұны көбіңіз жақсы білесіздер! Содан бері UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады! Альхамдулилла, міне, бүгін әлемдегі ең мықты промоушенмен келісімшартқа қол қойып отырмын. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік , аянбай тер төгіп елімнің абыройын арттырып , биік белестерден көрінуге тырысамын. Ең бастысы барлық уақытта менімен бірге болып, қолдап дұғада болыңыздар, мен үшін ол өте маңызды. Осы сәтті пайдаланып, DAR Team командасына және оның негізін қалаушы, маған толық сенім әрі қолдау білдірген Алидар Болатұлына, отбасыма мың алғыс! Және осы жолда маған сенім артқан барлық жанға рахметім шексіз!", деп жазды Асу Алмабаев Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен UFC октагонында өнер көрсетіп жүрген біздің бес файтеріміз бар: Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов, Жалғас Жұмағұлов, Асу Алмабаев және Мария Агапова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: