Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев UFC-дің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

UFC, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2022 11:46 Сурет: Instagram/rafael_ataman_fiziev
Лас-Вегаста UFC ESPN 39 турнирінің басты жекпе-жегінде Рафаэль Физиев (11-1) пен бразилиялық Рафаэль дос Аньос (31-13) кездесті. Жамбыл облысының тумасы, қазіргі Әзірбайжан өкілі бұл жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рафаэль Физиев бесінші раундта жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, қарсыласын нокаутқа жіберді. Файтерлер шешуші раундта тек 18 секундын октаганда өткізді, ал Рафаэльдің сол жақтан жасаған алғашқы соққысы нысанаға дөп тиді, бразилиялық мең-зең болып тағы бірқатар күшті соққыларды өткізіп алды.

Осылайша, Рафаэль Физиев мансабында 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал бразилиялық UFC-дегі 12-ші жеңілісімен бетпе-бет келді. Осы жеңісті сәттен кейін Физиев өз дивизионының Топ-5 файтерді жекпе-жекке шақырды. Бұл жоғары санаттағы файтерлер: Чарльз Оливейра, Дастин Порье, Джастин Гейдж, Ислам Махачев және Майкл Чандлер.

Қарсыластардың бірі Конор Макгрегор болуы да мүмкін, әйгілі Ирландияның жекпе-жек шебері бірнеше айдан кейін октаганға шығады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: