RCC турнирінде өнер көрсеткен қазақстандық нокдаун алса да жеңіске жетті
Сурет: Instagram/twins__777
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Ілияс Хамзин RCC лигасы турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Мечел Сильвамен күш сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz
Жекпе-жек Екатеринбург қаласында өтті. Ол барлық үш раунд бойына созылды, оның қорытындысы бойынша жекелей шешіммен Хамзин жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кету керек, Ілияс нокдаунд алып қалды, бірақ дер кезінде есін жиып, қайта төбелеске кірісе алды.
Ильяс Хамзиннің бұл - ММА-дағы тоғызыншы жеңісі. Хамзин 2018 жылдан бері Cagefighting Championship ресейлік промоушенінде өнер көрсетіп келеді, ал бұл оның 11-ші жекпе-жегі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript