Жаңалықтар тізбегі
0

Диаз UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Фергюсонды жеңіп кетті

UFC, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 11:44 Сурет: Twitter/NateDiaz209
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 279 турнирінің басты ойынында жартылай орта салмақтағы америкалық файтерлер Нейт Диаз бен Тони Фергюсон кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарсыластар жекпе-жектің көп бөлігін тік аяқта төбелесті. Төртінші бес минуттық кезеңде Фергюсон тейкдаун жасауға тырысқанымен, бірақ Диаз Тонидің мойнын жібермей, қылқындыру әдісін қолданды. Нәтижесінде Фергюсон жеңілісін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нейт Диаз үшін бұл кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісі болды (оның UFC-дегі рекорды - 16 жеңіс және 11 жеңіліс).

Фергюсонның кәсіпқой рекорды қазір 25 жеңіс пен 8 жеңілісті құрайды (соның ішінде UFC-де 15 жеңіс пен 6 жеңіліс). 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: