UFC-дің қатары тағы бір қазақпен толықты

 Zulfikhar, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 21:23 Сурет: Instagram/asu_zulfikar57
Zulfikhar лақап атымен танымал Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Dark Team командасының PR-менеджері мәлімдеді.

Ең ірі ММА-промоушенде Алмабаев ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл дивизионның UFC чемпионы мексикалық файтер Брэндон Морено (21-6-2) болып табылады. Рейтингтегі бірінші және екінші орынды қос бразилиялық иеленген: Дэвисон Фигейреду (21-3-1) және Алешандра Пантожа (25-5).

29 жастағы Алмабаевтың есебінде 16 жеңіс және аралас жекпе-жекте бір жеңілісі бар. 2022 жылы BRAVE Kombat Федерациясының үздік спортшысы атанған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: