Асу Алмабаев Абу-Дабидегі UFC турнирінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев Абу-Дабидегі UFC турнирінде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 09:54 Сурет: instagram/Asu_Zulfikar57
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) аралас жекпе-жектен UFC on ABC 9 турнирінде (Абу-Даби, БАӘ) өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмабаев перулік Хосе Очоаға (8-1) қарсы шықты. Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді, ал Хосе Очоа үшін бұл — профи-ММА-дегі екінші жеңіліс.

Айта кетейік, Асу бұған дейінгі кездесуінде жалғыз жеңіліс тапқан болатын: ол үшінші раундта анголалық файтер Манел Капеден (21-7) нокаутпен ұтылған.

Осы жекпе-жектен кейінгі UFC-дегі рекорды – 5 жеңіс, 1 жеңіліс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: