Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Асу Алмабаев, UFC, аралас жекпе-жек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 09:19 Сурет: Instagram/Asu_Zulfikar57
16 маусымда Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 58 турнирінде ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Одан кейін отандық спортшы рейтингтегі төртінші спортшыны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс болып шықты.

"Мен үздік 15 немесе 10-ның қатарындағы файтер емеспін. Мен үздік бестікке жатамын!" Асу Алмабаев


Асу Лас-Вегаста америкалық Хосе Джонсонды жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Ал Кара-Франс тарапынан, әзірге ешқандай реакция жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: