Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионына да Олимпиада жолдамасы бұйырмады

Диас Жиенбаев, Қытай, Қазақстан, мәнерлеп сырғанаушы , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 17:12 Сурет: ҚР ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы Диас Жиенбаев та Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын ала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында өткен жекелей сайыста Диас жалпы есепте 189.14 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. 2026 жылғы Олимпиадаға бес үздік спортшы ғана жолдама алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Жолдама иегерлері:

  1. Петр Гуменник (Ресей) – 262.82
  2. Ким Хен Гем (Оңтүстік Корея) – 228.60
  3. Донован Каррильо (Мексика) – 222.36
  4. Кирилл Марсак (Украина) – 217.57
  5. Ли Юйсян (Тайбэй) – 216.98.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетуді аяқтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: