Динара Сәдуақасоваға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер, еліміздің бірнеше дүркін әрі абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасоваға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Спортшыға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы 2022 жылы Алматыда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді", делінген құзырлы министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылы Алматыда өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының қола медаль иегері.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Перу астанасы Лимада шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (рапид) өткенін, тоғыз турдың нәтижесі бойынша 19 жастағы отандасымыз Ксения Балабаева 7 ұпай жинап, турнирде ең үздік нәтиже көрсеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript