Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан кейбір спорт түрлерін қаржыландыруды қысқартады

Қазақстан кейбір спорт түрлерін қаржыландыруды қысқартуды жоспарлап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 13:50 Сурет: pixabay
1 ақпанда Мәжіліс алаңында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев елімізде бүгінде спорттың 180 түрі дамып жатқанын және оның барлығын қаржыландыру қолжетімсіз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Серік Жарасбаев Азия ойындарынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыландырылатын спорт түрлерінің тізімін қысқарту туралы бұйрық бергенін еске салды.


"Сондықтан біз заң жобасына өзіміздің түзетулерімізді енгізіп жатырмыз. Мұны депутаттармен, жұртшылықпен бірге талқылаймыз. Болжам бойынша, Олимпиада, Паралимпиада және Азия ойындары бағдарламасына енгізілгендер бірінші орында қала береді", - деді вице-министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Олимпиадалық емес, бірақ әлі күнге дейін Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері бар. Оларға кикбоксинг, муай-тай және джиу-джитсу жатады.

"Олар дамуы керек, өйткені олар бізге халықаралық деңгейде медальдар әкеледі. Сол спорт түрлерінің ішінде біз қаржыландыруды бірінші орынға қоямыз. Біз халықаралық талдау жасадық: көрші Өзбекстанда спорттың 17 түрі, Германияда – 15, Ұлыбританияда – 18 спорт түрі дамып келеді. Біз де бюджетті ысырап етпеу үшін бірте-бірте осыған барғымыз келеді", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Бұрынғы спорт министрі Асхат Оралов 2023 жылдың басында кәсіпқой спортты қаржыландыру ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: