Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында тағы екі медальға ие болды

Қазақстандық жүзушілер Үндістандағы Азия чемпионатында тағы екі медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 19:22 Сурет: olympic.kz
Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының өкілдері жүзуден тағы екі медальға қол жеткізді.

Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуде екінші болып мәре сызығын кесті.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, алғашқы күні қазақстандық спортшылар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: