Денис Тен мемориалы: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарламадағы нәтижелері
Сурет: olympic.kz
Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы аясында әйелдер арасында қысқа бағдарламадағы сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аралық бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин иеленді - 64.78 ұпай. Екінші орында - канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Джозефин Ли (54.15) жайғасты.
Амира Ирматова алтыншы орында - 47.22 ұпай. Нұрия Сүлеймен жетінші нәтижемен жарысты аяқтады - 44.95. София Фарафонова сегізінші орынға табан тіреді (42.47). Вероника Коваленко оныншы орында - 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орынмен шектелді - 30.59.
Айта кетейік, 2 қазанда ерлер қысқа бағдарламада сынға түседі. Ол Астана уақытымен 18:30-да басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript