Мәнерлеп сырғанаушы Анна Санникова Денис Тен мемориалында алтыншы орын алды
Фото: zakon.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнир аясында жасөспірімдер арасындағы жарыстың жүлдегерлері анықталды.
Оңтүстік Корея спортшысы Ким Гонхи жеңімпаз атанып, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 179.24 ұпай жинады. Оның командаласы Ким Мин Сон 171.33 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді Әзірбайжаннан келген Арина Калугина иеленді (167.24).
Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтиже көрсеткен Анна Санникова болды. Ол 136.85 ұпай жинап, алтыншы орынға табан тіреді.
Карина Шеина - 11-орын (127.34), Сабина Ботина - 13-орын (116.92), Валерия Зоркина - 14-орын (115.63), Зере Сарбалина - 15-орын (114.98), Милана Воронцова - 19-орын (95.34), Амина Шалимбекова - 20-орынға (93.62) тұрақтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript