Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында үш алтын медаль иеленді
Сурет: ҚР ҰОК
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).
Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript