Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар, әртістік жүзуден Азия чемпионаты, күміс медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 19:28 Сурет: ҚР ҰОК
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Жаманшалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының 1/4 финалына өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: