Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті

Су добы, Азия чемпионаты, 1/4 финал, Қазақстан әйелдер құрамасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 18:51 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз Қытаймен кездесті. Қарсылас құрама 23:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандықтар үш ұпайға ие болды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

B тобында қазақстандықтар Таиландқа (12:14) есе жіберді. Содан кейін Гонконг құрамасын (21:10) жеңді. Нәтижесінде ұлттық құрама топтық кезеңде үшінші орынмен 1/4 финалға өтті.

Бұған дейін 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 4 қазан мен 14 қазан күндері аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізетінін, ойынға Чемпиондар Лигасының жарық жұлдызы - Шерхан Қалмұрза шақырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: