Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Гандбол, Азия чемпионаты, жартылай финал, Қазақстан құрамасы, қыздар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 09:45 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, топтық кезеңнің соңғы ойынында отандастарымыз Сингапурды ойсырата жеңді. Ал топтағы екінші матчта Оңтүстік Корея Қытай құрамасына еш мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде, кореялықтар алты ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды.

8 желтоқсанда біздің құрама финалға шығу үшін Жапониямен ойнайды. Оңтүстік Корея жартылай финалда Иранмен кездеседі. Ал Қытай мен Сингапур 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: