Шерхан Қалмұрза Қазақстан құрамасына шақыту алды

Шерхан, Қалмұрз, футьолшы , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 11:02 Сурет: : Instagram/kallmurza
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 4 қазан мен 14 қазан күндері аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ойынға Чемпиондар Лигасының жарық жұлдызы - Шерхан Қалмұрза шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KFF мәліметіне сүйенсек, оқу-жаттығу жиыны аясында үш бақылау матчы өтеді. 8 қазан күні Кирилл Кекердің командасы бірінші лигада "Таразбен" кездессе, 10 қазанда "Оңтүстік Академиясымен" ойнайды. Ал соңғы матч 12 қазанда Премьер-лигада бақ сынайтын "Ордабасыға" қарсы өтеді.

Жиынға бас бапкер Кирилл Кекер 25 футболшыны шақырды.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе");

Қорғаушылар: Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов (бәрі – "Қайрат"), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров (екеуі де – "Тобыл"), Абзал Сағын ("Астана"), Темірлан Төребек ("Тараз");

Жартылай қорғаушылар:Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш, Алиден Мұсайыпов, Карим Махаметжан (бәрі – "Қайрат"), Әли Ақылбаев ("Шахтер"), Асан Байғалиев ("Елімай"), Даниял Назаров ("Астана");

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – "Қайрат"), Мақсат Абраев ("Астана"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания);

Бапкерлер құрамы: Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы жаттықтырушысы, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – бейнесарапшы, Айдар Шабанбай – дәрігер, Жансұлтан Сатмағамбет – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері кім болатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: