Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді
Сурет: ҚР ҰОК
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады. Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді.
Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады.
Бұған дейін алматылық "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкер Ұлықбек Шарипов Exeed көлігін сыйға тартқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript