Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы ITF турнирінің финалына шыға алмады
Сурет: Instagram/sonja.zhiy
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Бейкерсфилд қаласындағы ITF W35 сериялы турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz мәліметінше, финалға жолдама үшін өткен кездесуде 19 жастағы Жиенбаева Люксембург теннисшісі 22 жастағы Мари Векерлеге (әлемдік рейтингте 677-орында) 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Ойын бір жарым сағатқа созылған.
Финалда Векерле америкалық Вивиан Вольфф пен ресейлік Кристина Лютова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Соня Жиенбаева бұған дейін ITF сериясындағы екі жеке турнирдің чемпионы атанған.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шыққан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript