"Жұғысты болсын!". Елдос Сметов өзіне тарту етілген көлікті сатылымға шығарды

Елдос Сметов, Mercedes AMG GLE, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 22:50 Сурет: Instagram/yeldos60kg
Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов өзіне сыйға берілген автокөлікті сатылымға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы Париждегі Олимпиадада алтын медаль алып, елге оралғанда Елдос Сметовке кәсіпкерлер қауымы қымбат автокөлік сыйға тартқаны белгілі. Енді соны спортшы сатылымға шығарды.

Ол Instagram парақшасындағы stories бөлімінде Mercedes AMG GLE маркалы автомобильдің суретін орналастырып, оны сататынын хабарлады. Суреттің жоғары жағында алтын медальдың да белгісі қойылған.

"Жұғысты болсын!" деп жазыпты чемпион сурет сипаттамасында.

Mercedes AMG GLE, Елдос Сметов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 22:50

Сурет: Instagram/eldos60kg

Спортшы көлігін 45 млн теңгеге бағалапты.

Бұған дейін Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалғанын, бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: