Қазақстандық төрт балуан жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесі үшін бақ сынайды

Қазақстандық төрт балуан жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесі үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 17:03 Сурет: olympic.kz
29 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен белдесулер өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек және жартылай финалдың қорытындысы бойынша төрт қазақстандық балуан қола жүлде үшін күресетін болды.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ибрагим Ысқақбек жартылай финалда Джайвир Сингхқа (Үндістан) есе жіберді.

48 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Рахатов финалға шығу үшін өзбекстандық Шахобидин Нурмановпен белдесіп, қарсыласына жол берді.

Ал Ералы Әскербек 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Гурав Пуниядан (Үндістан) жеңіліп қалды.

Әйелдер күресінен 69 келіге дейінгі салмақта Нұрайым Саяхмет ширек финалда Ашвини Вишноиға есе жіберді. Нәтижесінде, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: