Бублик сенсация жасады: алғаш рет Париждегі “Мастерс” турнирінің ширек финалына өтті

Бублик сенсация жасады: алғаш рет Париждегі “Мастерс” турнирінің ширек финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 23:21 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 30 қазанда Париждегі ATP 1000 турнирінің 1/8 финалдық матчтарында керемет нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицті екі сетте жеңді – 7:6 (7:5), 6:2.

Ойын 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 11 эйс жасады, ал қарсыласы – 15.

Париж корттарында 13-нөмірмен сынға түсіп жатқан қазақстандық теннисші 31 қазанда Аустралия өкілі, турнирдің алтыншы ракеткасы Алекс де Минорға қарсы ойнайды.

Бұл кездесудің жеңімпазы ATP 1000 турнирінің жартылай финалына, сондай-ақ ірі сыйақы мен рейтингтік ұпайларға ие болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: