Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымында әлемнің 13-ракеткасымен кездеседі
Сурет: ktf.kz
Ертең, 30 қазанда Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы, 27 жастағы Александр Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін кезінде дүниежүзілік рейтингіде 9-орынға дейін көтерілген, қазір 79-сатыда тұрған 37 жастағы италиялық Фабио Фоньинимен өткізді.
Осыған дейін Александр Бублик Чэнду (Қытай) турнирінде үшінші айналымнан аса алмаса, одан кейін Бейжің, Шанхай және Базельде бірінші матчта-ақ жеңіліс тапқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда аса тәжірибелі италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Бублик есе қайтара білді – 7:5.
Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды – 7:5.
Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript