Дзюдошы Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды

Дзюдошы Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 00:12 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Самалай Ерғалиева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Самалай қола жүлде үшін өткен белдесуде Иран өкілі Самира Кхакахты жеңді. Осылайша Ислам ынтымақтастығы ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге бейін) және Ержан Еренқайыпов (66 келіге дейін) күмістен алқа таққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: