Қазақстандық спортшылар Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті

Қазақстандық спортшылар Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 21:13 Сурет: olympic.kz
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ашылу салтанатына дейін спортшылар кейбір спорт түрлерінен сынға түсті.

Қазақстан құрамасының өкілдері пенчак силаттан бақ сынады.

Нәтижесінде Нұрдәулет Тасмағанбетов (65 келіге дейін) бірінші орын алды. Арай Аманбай (60 келіге дейін) екінші болды, ал Уәли Жалғасбай (60 келіге дейін) үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, пенчак силат Исламиада-2025 бағдарламасына көрсетілімдік спорт түрі ретінде енгізілген, сондықтан бұл сайыстардың медальдары ресми командалық есепке кірмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: