Исламиада-2025: Софья Сподаренко жүзуден алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Софья Сподаренко Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысының финалында топ жарды. Софья қашықтықты 26.99 нәтижесімен жүзіп өтті.
Мысыр спортшысы Фарида Осман екінші орынға ие болды - 27.04, ал үшінші орын Сенегал спортшысы Оуми Диопқа бұйырды - 27.31.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript