Дзюдошы Мәди Амангелді Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Мәди Амангелді Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 20:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

81 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Түркия өкілі Ведат Албайракымен кездескен еді.

Белдесудің қорытындысы бойынша қазақстандық балуан қарсыласына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медалін жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: