Ислам ынтымақтастығы ойындары: дзюдодан Қазақстан құрамасының қос өкілі финалға шықты

Дзюдо, Ислам ынтымақтастығы ойындары, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 17:57 Сурет: ҚР ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Жангелдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Аруна Жангелдина 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп, финалға жолдама алды.

Бұған дейін суға жүзуден Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: