Аруна Жангелдина дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді

Аруна Жангелдина, дзюдо, Ислам ынтымақтастығы ойындары, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2025 20:48 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Финалда Жангелдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.

Айта кетейік, Аруна осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Жангелдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: