Елімізге танымал спорт журналисі өмірден озды
Сурет: Диля Ибрагимованың жеке мұрағатынан алынды
Отандық журналистика өкілі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимова дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күрескені белгілі.
Диля Ибрагимова көптеген жылдар бойы отандық телевизия саласында жұмыс істеді және еліміздегі танымал спорт журналистерінің бірі болды. Ол ұзақ жылдар бойы "Таң", "Хабар", КТК телеарналарында спорт жаңалықтарының жүргізушісі болып қызмет атқарды.
Zakon.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript