Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өмірден озды

Оразхан Кенебаев. танымал актер, театр режиссері, өмірден озды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 17:24 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті.

Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев – 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері атақтарын алған.

"Абай" (Оразбай), "Абылай хан" (Қалдан шері, Орыс елшісі), "Ревизор" (Дуанбасы), "Томирис" (Балхаш), "Қамар сұлу" (Омар), "Махаббаттың ғажап әні" (Қожақ), "Ат жылаған түн" (Төраға), "Құдалар" (Момын), "Мөлдір махаббат" (Әбутәліп) және басқа да спектакльдерде ойнады.

"Мосфильм" киностудиясының "Дивизия командирінің күні" (Барлаушы), "Қазақфильм" киностудиясының "Әлия" (Солдат), "Өтелмеген қарыз" кинофильмдерінде біраз рөлдерді сомдады.

Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың "Күйеуіңізді сатыңызшы" спектаклі, Б. Мұқайдың "Кавалерлері", О. Боранбаевтың "Баламуты", Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың "Фудзиямадағы кездесу" және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда "Қобыланды" спектаклінің қойылымы үшін "Ең үздік режиссер" бас жүлдесін алды.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы Оразхан Сәдуақасұлының отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады", делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: