Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал актер Сағат Жылгелдиев дүние салды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 10:49 Сурет: Ғ.Мүсрепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Сағат Жылгелдиев дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі жеткізді.

Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті, – делінген театрдың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Актер 1954 жылы 12 желтоқсанда, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылында дүниеге келген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

1977 жылдан Қазақ балалар мен жастар театры сахнасында өнер көрсетіп келді. Ол сомдаған Ақын (И.Сапарбаевтың «Ауылдан келген аруында»), Байжан (И.Ғайыптың «Алтын ажалында»), Абдолла (С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде»), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың «Әзірет Сұлтанында»), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ұлпан», «Ақан сері – Ақтоқтысында») т.б. рөлдері көрерменнің есінде мәңгі қалады.

Актермен қоштасу пәсімі 17 мамыр күні сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.

Zakon.kz редакциясы марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: