Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 18:56 Сурет: olympic.kz
Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, алдын ала кезеңде отандастарымыз H тобында соңғы орынға ие болып, үш ойында қарсыластарына жол берген еді.

Қазір қазақстандық спортшылар жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, 25-тен 32-орынға дейінгі орындар үшін таласуда.

Қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына есе жіберді. Кездесу 28:29 есебімен аяқталды.

6 желтоқсанда өтетін ойында Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: