Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Хорватиядағы турнирде үшінші орын алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді.
Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript