Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде тағы да үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл додада могул бойынша жүлделер екі рет сарапқа салынды. Алғашқы жарыста Городко жетінші орынды иеленді.
Келесі күні отандасымыз тағы да үздік ондықтың құрамына еніп, тоғызыншы болып мәреге жетті.
Аяулым Әмренова 26-орынға, Юлия Феклистова 31-орынға, ал Юлия Галышева 32-орынға табан тіреді.
Аустралиялық Энтони Джакара жеңімпаз атанды. Екінші орынға АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо, ал үшінші орынға Джейлин Кауф тұрақтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript