Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде екі мәрте үздік бестікке енді
Сурет: olympic.kz
Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы (FIS) фристайл-могулдан Әлем кубогының үздік спортшыларының аралық рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жалпы есепте үздік ондыққа енді.
2026 жылғы Олимпиада ойындарының қарсаңында отандасымыз могул сайысында 150 ұпаймен бесінші орында тұр. Сондай-ақ ол параллель могулда 45 ұпай жинап, бесінші орында келеді.
Әлем кубогының жалпы рейтингінде Анастасия Городко 195 ұпаймен алтыншы орында тұр.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарынан кейін Әлем кубогының тағы үш кезеңі өтеді. Солардың бірі Алматы қаласында ұйымдастырылады.
Осы маусымда Городко Әлем кубогы кезеңдерінде бес рет үздік ондыққа енді (оның ішінде екі мәрте бесінші орын алды). Сонымен қатар оның еншісінде Францияда өткен халықаралық турнирде жеңіп алған екі алтын медаль бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript