Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің атынан қатысқан Анастасия Городко ең үздік нәтиже көрсетті – ол жарысты оныншы орынмен аяқтады. Ал Юлия Галышева 12-орынға жайғасты.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Павел Колмаков қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша 13-орынға ие болды.
Айта кетейік, 12 наурызда спортшылар параллель могулда бақ сынайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript