Фристайл-могул: Анастасия Городко Әлем кубогының кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды

Фристайл-могул: Анастасия Городко Әлем кубогының кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 20:24 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде кіші финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы параллельді могулда медальға бір қадам жетпей қалды.

Қола медаль үшін өткен жарыста Городко Олимпиада чемпионы, француз Перрин Лаффонмен бақ сынады. Жеңіс Лаффонға бұйырып, қазақстандық спортшы жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жарыстың бастапқы кезеңінде Юлия Галышева мен Павел Колмаков сайыстан шығып қалды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: