Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы параллель могулда үшінші болып мәре сызығын кесті. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті.
Айта кетейік, ширек финалда Городко командаласы Юлия Галышеваны жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфқа жол берді, кейін Кауф жарыстың жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдені жапондық Рино Янагимото иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript