Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды

Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 17:28 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулден Әлем кубогының кезеңінде алтыншы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, спортшы негізгі финалға жолдама алған еді. Алайда жүлде үшін күресуге мүмкіндік болмады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысты ағымдағы кезеңдерде аяқтау туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде, әйелдер арасындағы орындар бірінші финалдың қорытындысы бойынша бөлінді. Онда Анастасия Городко алтыншы, ал Юлия Галышева жетінші болды.

Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды. Соңында Павел Колмаков бесінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: