Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 18:11 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан спорттық маусым аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді.

Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.

Айта кетейік, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: