Александр Бублик Гонконг турниріндегі қарсыласын білді

Александр Бублик Гонконг турниріндегі қарсыласын білді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2026 12:51 Сурет: instagram/bublik
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өтетін ATP-250 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе нәтижесіне сәйкес, қазақстандық спортшы турнирді нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп пен іріктеу турнирі жеңімпазы арасындағы матч жеңімпазымен бастайды.

Турнир 5 қаңтарда басталып, Australian Open алдында дайындық ретінде қарастырылады.

Александр Бублик 2025 жылғы маусымда төрт титул жеңіп алды. Ол Қытайдың Ханчжоу, Аустрияның Китцбюэль, сондай-ақ Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP-250 турнирлерінде жеңіске жетті.

Сонымен қатар Бублик Галле (Германия) қаласында өткен ATP-500 санатындағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: