Теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Теннисші Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2026 13:39 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисші жұптық сында жартылай финалға жолдама алды.

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда ресейлік Екатерина Александрова мен Мирра Андрееваны сенімді түрде жеңді.

Кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.

Енді қазақстандық сербиялық серіктесімен ертең испаниялық-аустриялық жұп Кристина Букша мен Эллен Переске қарсы ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: