Анна Данилина Австриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Австриядағы турнирдің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 14:28 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Анна ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Яна Сизикова/Анастасия Потапова (Ресей) жұбын 6:1, 6:2 есебімен айқын жеңді.

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева украиналық Людмила және Надежда Киченок жұбымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: