Анна Данилина Бад-Хомбургтегі жарыстың жартылай финалына шықты

Анна Данилина, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 22:20 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс – франциялық Диан Парримен ойнады.

Қазақстандық-қытайлық жұп 1 сағат 41 минутқа созылған тартысты матчта 7:6 (4), 7:5 есебімен ұтты. Олар 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Николлс – Парри 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань – ресейлік Вероника Кудерметовамен таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: