Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 18:23 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова – америкалық Тэйлор Таунсендпен кездесті.

Қазақстандық-сербиялық жұп қарсыластарын 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич 2022 жылы Кливлендте өткен WTA 250 турнирінің финалына шыққан еді.

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина мен Александра Крунич "Үлкен дулыға" додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад – нидерландылық Деми Схурстен басым түскен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: