Анна Данилина тағы да "Ролан Гаррос" турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
Сурет: Instagram/_annadanilina_
"Ролан Гаррос" турнирінің финалына екінші мәрте шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина тағы да жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Теннистен Франция Ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық сынының финалында отандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.
Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина мен Крунич турнирде екінші нөмірмен тіркелген болатын. Ал финалда олар әлемнің үздік жұбы саналатын, рейтинг көшбасшылары — чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендпен өзара бақ сынасты.
Шешуші кездесу 2:6, 5:7 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Осылайша, Данилина мен Крунич қатарынан екінші жыл "Ролан Гаррос" титулынан қағылды.
Бұған дейін Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте "Ролан Гарростың" финалына шыққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript